Қазақстан Премьер-лигасында күнделікті ауыс-түйіс трансферлер легі жалғасуда. Бізге келіп жеткен тағы бір ақпарат «Қайраттың» түлегі Арсен Буранчиев жақын күндері Петропавлдың «Қызылжар» командасының ойыншысы атанады.
Теріскейлік клубтың бас бапкері Әли Әлиев Буранчиевтің потенциалын жастайынан жақсы біледі. Өз қатарының алды болған Арсен «Қайраттың» негізгі құрамына өткен талантты түлектердің бірі. 2023 жылы ол ел чемпионаты аясындағы «Ақтөбемен» ойында жанкештілікпен допқа таласып, бас сүйегінен ауыр жарақат алып, бір өлімнен қалды. Біраз уақыт емделіп, биыл ғана алаңға қайта оралды. Орталық жартылай қорғаушының өткен маусымда «Қайратта» ойын тәжірибесі аз болды. Көбінесе қосалқы құрамда қалып, көп ойын өткізбеді. Алматыдан кетуіне де осы себеп болды. Ендігі мансабын «Қызылжарда» жалғастырып, Әли Әлиевтің сенім үдесінен шығу үшін барын салмақ. Арсенге жаңа маусымда тек сәттілік тілейміз!
Біздің серіктес: FONBET