Қарағандылық "Шахтер" Қазақстан чемпионатының соңғы турында "Тобылдан" айласын асырды. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.
Ойынның қызықты сәті екінші таймда басталды. 54-минутта "Шахтер" қорғаушысы Гидеон Баа қызыл қағаз алды. Он ойыншымен қалған "Шахтер" 88-минутта ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды соқты. Гол авторы - Арсен Хубулов.
"Шахтер" бұл жеңістің арқасында 32 ұпаймен чемпионатты төртінші орынмен аяқтады. Және келесі жылы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. "Тобыл" Премьер-лиганың күміс жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET