Арсен Венгер «Барселонаны» жаттықтырудан бас тартты

14.08.2020, 00:08
Барлығы ертеңгі ойынға байланысты болайын деп тұр.
Арсен Венгер «Барселонаны» жаттықтырудан бас тартты

«Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер Испаниядағы мансабын қайта бастауы мүмкін.

Le10sport.com сайтының хабарлауынша, жақында француз маманына «Барселона» басшылығы тәлімгер Энрике Сетьенді ауыстырғысы келетінін және келесі маусымға дейін командаға жаңа бапкер керек екенін айтқан. Алайда, Венгер бұл ұсыныстан бас тартып, ФИФА-дағы жұмысына назар аударуды жөн көрді. "Арсеналдан" кеткеннен кейін, Венгер бірнеше ұсыныстар алды, бірақ әр жолы бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Венгер ФИФА-ның футболды жаһандық дамыту жөніндегі бөлімінің бастығы болып тағайындалған еді.

Венгер «Арсеналға» 1996 жылдан 2018 жылға дейін бапкер болған. Оның басшылығымен "зеңбірекшілер" 17 кубок жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×