Арсен Венгер Флориан Вирцті сынға алды: “Ол Ливерпульге зиянын тигізуде”

06.11.2025, 13:10

beIN SPORTS арнасына берген сұхбатында Арсен Венгер "Ливерпульдің" Неміс жартылай қорғаушысы Флориан Вирцті команда ойынының әлсіреуіне себепкер деп атады. Венгердің айтуынша, Вирцтің трансфері өткен маусымдағы чемпион команданың орталық сызығындағы үйлесімділікті бұзған.

Арсен Венгер Флориан Вирцті сынға алды: “Ол Ливерпульге зиянын тигізуде”

Венгердің пікірінше, негізгі қателік – футболшының трансфер кезіндегі өз талабында жатыр.

“Вирц Ливерпульге келер алдында келісім-шартта нақты шарт қойды: ол тек ондық позицияда — орталық шабуылшы жартылай қорғаушы ретінде ғана ойнағысы келді. Команда жүйесіне бейімделгісі келмеді. Нәтижесінде былтырғы чемпион құрамның балансы бұзылды. Гравенберх, Мак Аллистер және Собослай өткен маусымда тамаша үштік құрған еді. Ал Вирц келген соң, Собослайды қанатқа ығыстыруға тура келді.” — деді Венгер.

Француз маман бұл жағдайды түзетуге болатынын да атап өтті:

“Егер мен Арне Слоттың орнында болсам, былтырғы үштікті қайта ойнатып, Вирцті сол қапталға шығарар едім. Сол жақтан кеңдік алып, еркін қозғалуына мүмкіндік туар еді. Ал оны орталықта ұстау — тактикалық қате шешім.” — деді ол.

Бұл пікірлер Ливерпульдің “Реал Мадридті” 1:0 есебімен жеңгеннен кейін айтылды. Команда жеңіске жеткенімен, Вирц тағы да көзге түсе алмады. Ол бірінші таймда ойнап, екінші таймда ауыстырылып кетті. Неміс ойыншысы жазғы трансфер кезеңінің ең қымбат әрі көп үміт артылған футболшыларының бірі болғанымен, әзірге Ағылшын Премьер лигасының қарқыны мен физикалық талабына толық бейімделе алмай жүр.

Бас бапкер Арне Слот болса, ойыншыны жайлы ештеңе демеді:

“Бүгін біз маусымдағы ең жақсы матчтарымыздың бірін өткіздік. Қақпашы Куртуа тамаша ойнады. Біз бұдан да көп гол соға алар едік.” — деді ол.

Алайда, Британ баспасөзі Вирцтің команда жүйесіне сәйкестігіне күмән келтіре бастады. Венгердің пікірінен кейін жанкүйерлер арасында “Вирц Ливерпульге шын мәнінде қажет пе еді?” деген сұрақ қайта жандануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×