«SCOUTED» басылымының авторы, испаниялық спорт шолушы Фил Коста «Арсеналдың» 2026-жылғы күрделі күнтізбесі мен «Қайратқа» қарсы ойыны туралы пікірін айтты.
Қаңтарда лондондық команда АПЛ-де «Ливерпуль», «МЮ» мен «Ноттингем Форест» және Лига Кубогінің жартылай финалында «Челсиге» қарсы өнер көрсетеді. Одан бөлек ЧЛ-да «Интер» мен «Қайратқа» қарсы тұрады.
«Елдердің қаңтардағы күрделі қос ойынды неге айналып өткісі келетінін түсінемін. Қаңтардағы екі матчтан тұратын жартылай финалдардан. Бірақ, «Портсмут» пен «Қайрат» бізге сәл болса да тыныс алуға мүмкіндік береді және мен бізге бұл сынақтардан өтуге көмектесетін құрам бар деп сенемін (қосымша кей ойыншылар қатарға қосылады). Бұл уақыт артығымен жетуі тиіс», - деді сарапшы Х әлеуметтік желісінде.
«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінде 6 матчтан кейін 1 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы орнында. Алматылық клуб «Брюгге» мен «Арсеналға» қарсы екі матчқа дайындық үстінде.