«Арсенал» - Англия Кубогының жеңімпазы

02.08.2020, 06:09
Обамеянг «Арсеналға» көптен күткен жеңісті сыйлады.

Англия Кубогының финалында Лондонның «Арсеналы» «Челсиді» жеңді. Кездесу Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтті және 2:1 есебімен «канонирлер» пайдасына аяқталды.

Матчтың 5-ші минутында «Челси» есеп ашты - Мэйсон Маунт орталыққа пас берді, Оливье Жиру допты Кристиан Пулишичке қалдырған еді, ол өзінің соққысымен "Арсенал" қақпасына гол соқты. 28-минутта Пьер-Эмерик Обамеянг пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді.

67-минутта Николя Пепе допты айып алаңына жөнелткен еді, онда Обамеянг қорғаушыны алдап өтіп, дубль жасады. Алты минуттан кейін Матео Ковачич Гранит Джакаға қарсы тәртіп бұзғаны үшін екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

"Арсенал" Англия Кубогын 14 рет жеңіп алды. Ал «Челси» бұл турнирде сегіз рет топ жарып, алты финалда жеңіліп қалған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×