«Арсенал» «Атлетиконың» Лукас Торрейраны ойнатпай жүргеніне наразы

06.01.2021, 16:14
Торрейра «Арсеналға» қайта оралғысы келмейтінін айтқан болатын.
«Арсенал» «Атлетиконың» Лукас Торрейраны ойнатпай жүргеніне наразы

"Арсенал" "Атлетиконың" жартылай қорғаушы Лукас Торрейраны ойнатпай жүргеніне наразы болып отыр, деп хабарлады Libertad Digital.

Дереккөздің хабарлауынша, Лондондық клуб "Атлетико" ойыншының трансферлік құнын төмендету үшін әдейі жеткілікті уақыт бермей жүр деп ойлайды. "Арсенал" басшылығы бұл жағдайға наразы және шара қолдануы мүмкін деп хабарланды.

Торрейра Ла Лигада алты, Чемпиондар лигасында төрт матч өткізіп, бір гол соқты. Футболшының жалдау мерзімі 2020/2021 маусымының соңына дейін есептелген.

Торрейра "Арсеналға" 2018 жылдың жазында "Сампдориядан" ауысты. Трансфер сомасы шамамен 30 миллион еуроны құрады. Лукас негізінен "Пескара" клубының түлегі болып табылады. Ол Уругвай құрамасына 2018 жылдан бастап шақыртылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×