“Арсенал” - “Қайрат” матчына төрелік ететін әділ қазылардың есімі белгілі болды

Бүгін, 16:54

Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің соңғы, сегізінші туры аясында өтетін "Арсенал" (Лондон) мен "Қайрат" (Алматы) матчында қызмет ететін төрешілер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Арсенал” - “Қайрат” матчына төрелік ететін әділ қазылардың есімі белгілі болды
Urs Schnyder

Лондондағы ойынды Швейцария мен Польшадан келген тәжірибелі мамандар бақылайды:

• Бас төреші: Урс Шнидер (Швейцария)

• Көмекші төрешілер: Марко Цюрхер және Беньямин Цюрхер (Швейцария)

• Төртінші төреші: Свен Вольфенсбергер (Швейцария)

• VAR төрешісі: Федайи Сан (Швейцария)

• VAR ассистенті: Петр Ласык (Польша)

Еуропаның басты додасындағы Қазақстандық клубтың соңғы матчы 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні өтеді. 

Матч Қазақстан уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×