«Арсенал» ойыншылары Микель Артетаның кесірінен екі топқа бөлініп кетті

21.12.2020, 16:24
Ойыншылар бірікпейінше жеңістің дәмін тату өте қиын.
«Арсенал» ойыншылары Микель Артетаның кесірінен екі топқа бөлініп кетті

"Арсенал" басшылығы бас бапкер Микель Артетаны қолдауға дайын, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб қысқы трансфер кезінде команданы күшейту үшін маманға қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге, мәселе "Арсенал" ойыншыларының екі топқа бөлінгендігінде болып отыр. Басым көпшілігі Артетаны қолдайды, бірақ оның жұмысына наразы адамдар да аз емес.

"Арсенал" 14 ойында 14 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 15-орында тұр. Сайыстың көшбасшысы - "Ливерпуль" (31 ұпай).

Алдыңғы турда "Арсенал" "Эвертонға" есе жіберді. Лондондық клуб келесі турда "Челсимен" кездеседі. Матч 26 желтоқсанда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×