«Арсенал» Озилден құтылғысы келеді

10.01.2021, 02:32
Озил де клубқа өз шартын қойды.
«Арсенал» Озилден құтылғысы келеді

"Арсенал" жартылай қорғаушы Месут Озилмен қоштасқысы келеді.

Егер Озил келісім аяқталғанға дейін "Арсеналда" доп тепсе, ол шамамен 7,2 миллион фунт стерлинг (шамамен 8 миллион еуро) тапқан болар еді. Жартылай қорғаушы осы соманы алса, кетуге дайын, деп жазады Daily Mail Түркияның TRT Spor телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен бірге "Арсенал" ойыншымен ымыраға келеміз деп үміттенеді. Бұған дейін лондондық клуб Озил "Фенербахчеге" жалдау шарты бойынша ауысса, жалақысын төлегісі келмейтіні туралы хабарлаған болатын.

Озил жасыл алаңға соңғы рет 2020 жылдың наурызында "Вест Хэмге" қарсы ойында (1:0) шыққан болатын. Футболшы "Арсеналдың" Премьер-лига мен Еуропа лигасындағы құрамына енбеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×