«Арсенал» португалиялық футболшыға көз тікті

12.04.2022, 17:30
Лондондық клуб футболшыны көндіру үшін тағы ұсыныс жасамақшы.
«Арсенал» португалиялық футболшыға көз тікті

Лондондық «Арсенал» «Вулверхэмптонның» португалиялық жартылай қорғаушысы Рубен Невешке тағы бір ұсыныс жасады, деп хабарлайды танымал инсайдер Николо Скира өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, португалиялық футболшы әлі де лондондық клубтың басты нысанасы болып табылады. «Арсенал» футболшыны және «Вулверхэмптонды» көндіру үшін тағы бір ұсыныс жасайды.

Бір қызығы, «Вулверхэмптон» ойыншысына ұзақ уақыт бойы «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» қызығушылық танытқан еді.

25 жастағы португалиялық футболшы «қасқырлар» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол аталмыш клуб жейдесінде 176 кездесу өткізіп, 20 гол соқты. Невеш Португалия құрамасында 2015 жылдан бері ойнап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×