«Арсенал» «Портудың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Фабио Виейраны сатып алуға жақын, деп хабарлайды The Athletic.
Басылымның мәліметінше, англиялық клуб «Портуға» футболшының трансфері үшін 40 миллион еуро төлеуі керек. Жақын арада Виейра Лондонға келіп, «канонирлермен» бес жылдық келісім-шартқа отырады.
Виейраны сатып алу туралы мәселені «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета көтерген екен, ол бірнеше ай бойы португалиялық футболшының ойынын жіті назарда ұстаған. Фабио 19 жасар бразилиялық Маркиньостан кейінгі «канонирлердің» екінші трансфері болуы мүмкін.
Фабио Виейра - 2020 жылдың маусымында командадағы дебютін жаааған «Порту» түлегі. Содан бері ол португалиялық клуб сапында 76 кездесу өткізіп, 10 гол мен 18 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Біздің серіктес: FONBET