Бүгін «Арсенал» мен «Пари Сен-Жермен» жартылай финалдың алғашқы бәсекесінде түйіседі.
Қарсыластар бір-бірімен жақсы таныс, десек те әр ойын жаңа тарих. Ойын қарсаңында қос клубтың өзара кездесулерінің жылнамасына қысқаша шолу жасап өтсек.
Екі команда бұған дейін өзара төрт мәрте кездескен. Оның екуінде англиялық клуб жеңіске жетсе, қалғанында тең нәтиже тіркелген болатын. Соңғы дуэльдері былтыр болды - 2024 жылдың 1 қазанында Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің екінші турында «Арсенал» париждік ұжымнан 2:0 есебімен басым түскен еді. Бүгінгі матчта алаң иелерінің сапында бес футболшы жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Бұл сөзсіз Микель Артетаның қолын байлайтын фактор болмақ. Сонымен, «Арсенал» Габриэл Жезус, Тахэхиро Томиясу, Кай Хаверц, Габриэл Магаляйнс және Риккардо Калафьориге сенім арта алмайды. Сондай-ақ бұдан бұрынғы ойындарда тәртіп бұзуына байланысты Томас Парти да ойынға қатыса алмайды. Тартысты теке-тірес бүгін біздің уақытпен 23:50-де басталады.
«Пари Сен-Жермен» сапында барлық футболшылар алдағы ойынға толық дайын деуге болады. Екінші жартылай финалдық жұпта ертең «Интер» мен «Барселона» шеберлік байқасады.