"Арсенал" қорғаушысы Сеад Колашинац жақын арада "Шальке" ойыншысы атанады.
Kicker басылымының хабарлауынша, 27 жастағы футболшы "Шальке" клубына жалдау шарты бойынша ауысады. Және германиялық клуб "Арсеналға" 2,2 миллион еуро төлейтін болады.
Бұған дейін "Арсенал" ойыншының жалақысының біршама бөлігін төлейтіні туралы ақпарат болған. Kicker-дің болжамы бойынша, қорғаушы "Шалькенің" қаржылық қиындықтарына байланысты жалақысының көп бөлігінен бас тартқан болуы мүмкін.
Колашинацты жалға алу туралы келісім 4 қаңтарда күшіне енеді және маусымға дейін жарамды болып табылады. 2012-2017 жылдары "Шалькеде" ойнаған Колашинац команданың капитаны бола алмайды. Жартылай қорғаушы Омар Маскарелл бұл мәртебені сақтап қалады.
Біздің серіктес: FONBET