«Арсенал», саған не болды?

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
24.06.2020, 19:46
Бернд Лено, Пабло Маридің жарақаты, команда ойынының сүреңсіздігі, мұндай ойынмен «Арсеналдық» үздік алтылыққа енуі де қиын.
«Арсенал», саған не болды?

"Арсенал" үлкен үзіліске дейінгі соңғы үш турда жеңіске жеткен болатын. Кейбір нәтижелер мүлдем қисынды болмады (мысалы, «Эвертонды» жеңу), бірақ мұны тосынсый деп санауға болады: «Арсенал» тек жоспары бар команда ретінде емес, сонымен бірге мүмкіндіктерді қалт жібермейтін команда ретінде көрінді. Микель Артета ойыншылардың көңіл-күйін жоғары бағалады және «Ньюкасл», «Олимпиакос» және «Эвертон» командаларын жеңген аптаны осы маусымдағы үздік апта деп атады.

Карантин кезінде жарақаттанған Киран Тирни сауығып үлгерді, тіпті аяғы сынғандықтан қалған маусымды жіберіп алуы мүмкін болған Лукас Торрейраның да соңғы турларда алаңға шығуға мүмкіндігі бар. «Арсенал» қиын күнтізбеге тап болды, сондықтан үздік төрттік түгілі үздік алтылыққа кірудің өзі қиын болып тұр. Оның үстіне "канонирлер" маусым бойы Чемпиондар лигасындағы орын үшін нақты күреске түсе алмады.

Карантиннен кейін "Арсеналдың" оралуы - бұл сұмдық жағдай, сонымен қатар мәселе тек нәтижеге байланысты емес. Ең нашар мәселе - бұл жарақат.

"Ман Ситимен" ойында Пабло Мари (маусымның аяғына дейін білек байламы жарақатымен) және Гранит Джака (ол әлі де ойнай алады), "Брайтонмен" ойында Бернд Лено Нил Моппен қақтығысып жарақат алды. Осылайша Бернд Лено 3-4 аптаға, ал Пабло Мари маусым соңына дейін ойнай алмайды. Лено жарақаты - "Арсенал" үшін үлкен шығын. Чемпионаттың 30 турынан кейін ол Премьер-Лиганың барлық қақпашыларының ішінде жасалған сейв саны бойынша екінші орында (112, бірінші орында Мартин Дубравка). Жіберілген голдар бойынша Арсенал 41 голмен 11-ші орында, бірақ егер Лено болмаса, одан да жаман болар еді: күтілген голдарға сәйкес, команда 14-орында.

Маусымның басында Джака жанкүйерлермен қақтығыс ортасында болды, бірақ Артетаның келуімен ол қайта бабына келе бастады және негізгі құрамның тұрақты ойыншысына айналды. Жаттықтырушыны ауыстырғаннан кейін командаға әр ойында 60-тан астам дәл пас беретін тіреуіш жартылай қорғаушы қажет болды. Егер Торрейраның жарақатын қосатын болсақ, онда жағдай өте қиын болып көрінді: Артета тек Гендузи, Уиллок және Себальосты ғана жартылай қорғаушы ретінде шығара алады. Ал Месут Өзілдің ойыны барлығымызға мәлім.

Пабло Мари "Манчестер Ситиге" қарсы ойында «Арсеналдың» жейдесінде негізгі құрамнан бар болғаны үшінші мәрте шығып тұрған еді. Оны да көп көргендей Мари бірінші таймның ортасында ауыр жарақат алып, бұл маусымда ойнау мүмкіндігінен айырылды. Бірақ бұл "Арсенал" үшін қиын жағдай болып көрінбеді. Артета оның орнына Давид Луисті шығарды. Негізінен командада сенімді орталық қорғаушылар болмағандықтан, жаттықтырушы жаңадан келген Мариге сенген болатын. Мустафи мен Луис көптеген қасиеттерге ие, бірақ екеуі де жиі-жиі қателіктер жібереді. Осындай маңызды ойыншылардан айырылғаннан кейін «Арсенал» маусымның қалған бөлігінде сапалы ойын көрсетуі өте қиын.

«Манчестер Сити» және «Брайтон» матчтарындағы қателіктер

"Ман Ситимен" болған матчта Артетаның жоспары жанкүйерлерді таңқалдырды. Алғашқы 15 минутта «Арсенал» өз футболын ойнауға тырысты. Допты иеленіп, керемет қорғана білді. "Қалалықтар" допқа иелік ету үшін күшті прессинг жасау қажет болды. Алғашқы 15 минутта "Арсенал" алаңның бөгде бөлігінде алты шабуыл әрекетін жасады. Олар допты бермеді тіпті нақты пасымен алаң иелерін басып озды. Өкініштісі, Лондондықтар жанкүйерлерді 15 минутқа ғана таңқалдыра алды. Алғашқы 15 минуттан кейін мұндай ойынды көру мүмкін болмады. Бапкерлер құрамы осы жағын есептемеген сияқты. Келесі 75 минутта «Арсенал» көптеген қорғаныс әрекеттерін жасады. "Қалалықтар" қонақтарды жүйелі түрде өз айып алаңдарына тықты. Артета шәкірттері азшылықта ойнағаны түсінікті, сондықтан біз алғашқы 15 минуттан Луизды алып тастағанға дейін уақытты қарастырып көрейік. Бұл аралықта «Манчестер Ситидің» шабуыл шебіндегі пастары 79%-ды құрады. Яғни, Гвардиола шәкірттері допты тек иеленіп қана қоймай, ойынды басқара алды. "Арсенал" болса тіпті Эдерсонның қақпасына жақындай алмады. Осылайша "Манчестер Сити" Давид Луистің арқасында жеңіске жетті.

«Брайтонмен» болған матчта жағдай керісінше болды: «Арсенал» допты ұзақ уақыт иеленді, ал алаң иелері жоғары прессинг жасаудан бас тартып, өз айып алаңында белсенді түрде қорғана бастады. Алғашқы 20 минутта олар өз жарты алаңында 15 қорғаныс әрекетін жасады. Біраз уақыт өткеннен кейін «Брайтон» ойыншылары шабуылға шығып, қорғаушылар араларына үлкен арақашықтық қалдырудан тартынбады. Әрине, олардың қысымымен ойнау қиын болды, бірақ Артета шәкірттері позициялық әлсіздікті пайдалану керек еді. "Арсенал" оның орнына допты қарсылас қақпасынан алыс басқарды және қауіп төндірмеді. Шамалы уақыттан кейін «Брайтон» одан бетер күшейді және допты өз қақпасынан ары қарай итере бастады. Соңғы 60 минутта команда өз жарты алаңында тек 15 қорғаныс әрекетін жасады, яғни күрестің негізгі бөлігі алаңның ортасында өтті. «Арсенал» бұл аралықта да де допты лайықты иеленді (61%), сонымен қатар Роб Холдинг (54) және Шкодран Мустафи (52) пастар саны бойынша көш бастады, басқа ойыншылардың ешқайсысы 40 пастан артық бере алмады. "Арсенал" шабуылды аз жасады. Бірақ "Брайтонмен" ойнағаннан кейін Артета өз командасының жеңіске жету үшін жеткілікті жұмыс жасағанын айтты. Мұнымен келісу қиын. Кейде кездейсоқтықтан маңызды ұпай жоғалтатын кездер болады. Міне, дәл осындай жағдай осы матчта орын алды. Егер «Арсенал» үнемі шабуылдап, қауіпті сәттер жасаса, ал қарсылас бір-екі мүмкіндікпен-ақ жеңіске жетсе, міне сәтсіздік деген осы болар. "Арсенал" осы жағынан сәтсіздікке ұшырады, "Брайтон" матчтың 75 минутында есепті теңестірді, одан кейінгі уақытта тең ойын үшін ойнап, уақытты созып, қарсы шабуыл жасамады. Осылай жүргенде "Брайтон" ойыншылары соңғы секундта гол салып, жеңісті жұлып әкетті.

Үзілістен кейінгі алғашқы екі матчта Артета командасы АПЛ-де екінші және 15-ші орында тұрған командаларымен ойнады. «Ситимен» болған матчтағы алғашқы 15 минут қана керемет болды, бірақ бұл екі матч үшін өте қысқа. Қарсыластарға бейімделудің икемділігі өте төмен, жоғарғы матчтарда ойын көрсете алмауда, тіпті доппен де нәтиже болмады. Жарақат алған ойыншыларды ескеретін болсақ, бұл Артета үшін ең нашар бастама болуы мүмкін. Сондықтан Артетаның алда істейтін жұмысы көп...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×