
"Арсенал" жазғы трансферлік терезеде 3-4 ойыншыны қатарға қосуды жоспарлап отыр, ал кейбір деректерге сүйенсек, бұл сан 5-ке дейін жетуі мүмкін.
Лондондық клуб құрамды күшейтуді көздеп, негізгі позицияларды нығайтуды мақсат етіп отыр. Бас бапкер Микель Артета мен спорттық директор Андреа Берта команданың келесі маусымда жоғары нәтижелер көрсетуі үшін қажетті ойыншыларды таңдауға ерекше көңіл бөлуде.
Клубтың негізгі трансферлік нысандарына орталық жартылай қорғаушы, шабуылшы және қорғаушы кіруі мүмкін. Сондай-ақ, қосымша позицияларды да күшейтуді қарастыруда.
Жазғы трансферлік науқан маусым айының ортасында басталады, сондықтан "Арсеналдың” алдағы келісімдері жақын арада белгілі болуы мүмкін.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET