«Арсеналдың» басты трансферлік мақсаты белгілі болды

01.01.2021, 22:05
«Канонирлер» қыста команданы күшейтуді жоспарлап отыр.
«Арсеналдың» басты трансферлік мақсаты белгілі болды

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Иско "Арсенал" ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Goal.com.

Дереккөздің айтуынша, "зеңбірекшілердің" бас бапкері Микель Артета қыста мәселе тудырған позицияларды күшейтуді қалайды және команданы күшейтудің басты нұсқасы - 28 жастағы Иско. Сонымен қатар, лондондық клуб футболшыны жалға алмай, бірден сатып алғысы келеді.

Ағымдағы маусымда Иско "Реал" сапында 11 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы жартылай қорғаушының құнын 20 миллион еуроға бағалады.

Бұған дейін, "Арсенал" басшылығы команданы күшейту үшін Артетаға қолдау көрсетіп, трансферге қажетті соманы бөлетіні туралы хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×