“Арсеналдың” бұрынғы бапкері “Шахтёр” тізгінін ұстайды

06.01.2026, 19:05

Қарағандылық "Шахтёр" футбол клубының құрылымында маңызды кадрлық өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

“Арсеналдың” бұрынғы бапкері “Шахтёр” тізгінін ұстайды
instagram: shakhter_youth

Тәжірибелі Қазақстандық маман Сергей Якушин Кеншілер командасының академия басшысы болып тағайындалды.

Сергей Якушин — UEFA PRO лицензиясының иегері. Ол осы уақытқа дейін тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де абыройлы қызмет атқарып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Оның жұмыс тәжірибесінде Беларусь, Кипр және отандық біріншіліктердің белді клубтары бар.

Маманның басты артықшылықтарының бірі — жас таланттарды ашу және командалық құрылымды жүйелі қалыптастыру қабілеті. Ол Қазақстан Премьер лигасы мен Бірінші лигасында бас бапкер және көмекші ретінде жемісті еңбек етіп, жас ойыншылардың шеберлігін шыңдауға айтарлықтай үлес қосқан.

"Шахтёр” академиясына келмес бұрын Якушин Беларусь чемпионатында бақ сынайтын Дзержинскінің "Арсенал" клубында бас бапкердің ассистенті қызметін атқарған болатын.

Қарағанды футболының мектебі әрқашан өзінің түлектерімен танымал. Сондықтан Сергей Якушиннің тағайындалуы академия жұмысына жаңа серпін беріп, жергілікті жастардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған стратегиялық қадам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×