Лондондық «Арсенал» дортмундық «Боруссия» мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Марко Ройсты сатып алмақ.
«Зеңбірекшілердің» хавбегі Тео Уолкотт келісім-шарты аяқталған соң «Арсенал» сапынан кетіп қалуы мүмкін. Лондондықтар англиялық ойыншының орнына маусым аяқталған соң Марко Ройсты өз сапына қосуды көздеп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Ройс ақпан айында «Боруссиямен» келісім-шартын 2019 жылға дейін созған болатын.