«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук алматылық клубтың өнерін бағалап, пікірімен бөлісті.
Украиналық функционер ҚПЛ чемпионының деңгейін жоғары бағалап, дамуы жайлы ойын ортаға салды. Айта кетейік, жуырда «Қайрат» - «Зенитпен» жолығып, есе жіберді 0:2. Жолдастық ойын Санкт-Петерборда өткен болатын.
«Әлбетте, жігіттер Чемпиондар лигасында ойнады, біраз тәжірибе жинақтап қалғаны түсінікті. Өздеріне сенімділігі артқаны да байқалады. Сондай-ақ, көптеген жас футболшылар шығуда. Бұл академия мен скаутинг жұмысының жемісі. «Қайрат» дұрыс жолда деп ойлайымын. Қайрат Боранбаевты білетіндігім және оның бүкіл Қазақстан спортының дамуы үшін команданың өсіп-өнгенін көздейтіні қуантады. Сондықтан, клубты ары қарай да қарап, тамашай бермекпін», - деді А. Тимощук «Vesti.kz» порталына берген сұқбатында.
«Қайрат» ҚПЛ-2026-да 3 турдан кейін 7 ұпаймен төртінші орында келеді. Алматылықтар премьер-лигада екі рет жеңіс тіркеп, өткен турда «Жетісумен» ұпай бөлісті 0:0. Келесі турда Рафаэль Уразбахтин командасы «Астанамен» ойнайды. Бұл бәсеке 5-сәуірде болады.