Артем Дзюба: Боранбаев шақырса да Қазақстанға бармаймын, ол жақта жағдай қиын

20.03.2025, 15:09

Футболдан Ресей құрамасының үздік сұрмергені атанған Артём Дзюба «Қайратқа» ауысуы жайлы ұсынысқа жауап берді.

Артем Дзюба: Боранбаев шақырса да Қазақстанға бармаймын, ол жақта жағдай қиын
Артем Дзюба

Айта кетейік, бұған дейін Алматының «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев 37-жастағы ресейлік шабуылшы Артем Дзюбаға ұсыныс жасағанын мәлімдеген болатын.

«Мен Чемпиондар лигасында ойнау үшін «Қайратқа» ауысуым мүмкін бе? Маған ол жақта чемпионат жасанды алаңда ойнайтынын айтты. Мына жасымда жасанды алаңда ойнау маған өте қиын. Екі рет жасанды алаңға шықсам, карьерамды аяқтап жүрермін», - деді А. Дзюба Championat.com басылымына берген сұхбатында.

Ресейлік шабуылшы «Тольятти» командасында 2024 жылдың қыркүйегінен бері өнер көрсетіп келеді. Оның «Акронмен» келісімшарты 2025-жылдың жазына дейін жасалған. Артем Дзюба жақында Александр Кержаковтың екі бірдей рекордын жаңартты. Алдымен чемпионаттағы голдарының санын, сосын кеше ұлттық құрамадағы рекордына өзгеріс енгізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×