
Артем Дзюба
Ресей құрамасы мен «Акрон» клубының шабуылшысы Артем Дзюба «Қайратқа» байланысты жағдайға түсініктеме берді.
«Мен жай сол клубтың басшысымен таныспын. Қайрат Боранбаевпен. Ол өте мықты көке. Менің сол жаққа келгенімді қалайтынын айтқан. Жай ғана айтты. Оған деген барша құрметпен, әрине, бірақ бұл қазір мүмкін емес. Жазға дейін осындамын (Акронда). Ал одан ары қарай не боларын көреміз, мансабымды жалғастырамын ба, жоқ осы жерден қоя саламын ба», - деді А. Дзюба Hustle Show ютуб-арнасының эфирінде.
РПЛ 24/25 маусымында Артем Дзюба тольяттилік «Акрон» намысын қорғауда. Барлық турнирлердегі 16 ойында алты гол соғып, төрт ассист берген.
Біздің серіктес: FONBET