Артем Дзюба Ресей футболы тарихында жаңа рекорд орнатты – 242 гол

03.08.2025, 21:30

Ресейлік шабуылшы Артем Дзюба өз мансабындағы 242-ші голын салып, Ресейлік футболдағы тарихи рекордты жаңартты.

Артем Дзюба Ресей футболы тарихында жаңа рекорд орнатты – 242 гол

Бұл жетістікке Дзюба РПЛ-дің 3-турында жетті. Ол қазіргі клубы "Акрон" сапында "Спартакқа” қарсы ойында пенальтиден гол соғып, есепті теңестірген еді. Бұл гол оның кәсіби мансабындағы 242-ші голы болды. 

Артем Дзюба 2024 жылдың 9 наурызында Ресейлік футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанған болатын. Ол кезде шабуылшы 234-ші голын соғып, бұрынғы рекорд иесі Александр Кержаковты басып озған едi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×