Артем Кучин Румынияда 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Европа Чемпионатының финалдық бөлімінде жұмыс атқарды

02.08.2011, 23:54
Артем Кучин Румынияда 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Европа Чемпионатының финалдық бөлімінде жұмыс атқарды
Қазақстандық төреші  Артем Кучин (Қарағанды), Румынияда  19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Европа Чемпионатының финалдық бөлімінде бас төреші ретінде керемет матчтар өткерді. Біздің төрешіге төмендегідей матчтарға қызмет ету сеніп тапсырылған: 1-тур 20 шілде 2011 жыл Сербия 2:0 Түркия (В тобы) 3-тур 26 шілде 2011 жыл Ирландия 0:0 Румыния (А тобы) Жартылай финал 29 шілде Чехия 4:2 Сербия 1 тамызда өткен финалдық матчта Кучин резервтегі төреші болды: Чехия 2:3 Испания. УЕФА мамандары Европаның деңгейлі турниріндегі Артем Кучиннің жұмысын жоғары бағалады. Клубтық және ұлттық құрамалық деңгейде қазақстандық төрешілердің маңызды турнирлерде қызмет етуі — Қазақстан Футбол Федерациясын тез дамып келе жатқан Европа ұлттық ассоциацияларының бірі екенін дәлелдейтін фактор. (ffk.kz)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×