Артета “Реал Мадридті” жеңгеннен кейін Анчелотти не айтқанын ашып айтты

17.04.2025, 22:00

Карло Анчелотти Чемпиондар лигасының ширек финалында екі ойын қорытындысы бойынша “Арсеналға" есе жібергеннен кейін, Микель Артетаға тілегін жеткізді.

Артета “Реал Мадридті” жеңгеннен кейін Анчелотти не айтқанын ашып айтты

Микель Артета Карло Анчелоттидің шынайы құттықтауын “Анчелотти маған ‘Чемпиондар лигасын жеңулеріңе тілектеспін’ деді,” – деп бөлісті.

Чемпиондар лигасында ең көп жеңіске жеткен бапкер Карло Анчелотти бұл жолы жеңісті мойындап, қарсыластарына құрмет көрсетті.

“Біз талай рет қуанышқа кенелдік, бірақ бүгін емес. Біз бұл сезімді де қабылдай білуіміз керек. Шындық — ‘Арсенал’ бізден мықтырақ болды.  Футболда кейде азап шегуге тура келеді. Мүлде жеңілмейтін команда болу мүмкін емес.”

Микель Артета болса командасының ойынына дән риза:

“Ойын алдындағы ішкі сезім — біз шын мәнінде дайынбыз деген сенім болды. Бүгін біз кез келген командамен тең дәрежеде бәсекелесе алатынымызды көрсеттік. Енді осы серпінді жалғастыруымыз керек. Біз ойынның көп бөлігін толық бақылауда ұстадық. Бұл – командадағы жетілгендік пен есеюдің көрінісі.”

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×