Артур ары тұр деп жүрмесін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
18.02.2024, 12:51

Израйльден бақ іздеген Артур Шушеначевтің дебютті голына кешелі бері сүйінші сұрап жатыр бәрі. Шабуылшының қарқыны жаман емес. Былай шаба берсе, тәуір чемпионаттан бірақ шығуы бек мүмкін. 

Артур ары тұр деп жүрмесін

Несі бар? Осы Израильден шыққан жігіттер Голандия, Испанияда доп теуіп жүр ғой. Екінші матчында-ақ мергендік танытып жатса Артурдың алдағы күндерден үміті зор деп бағалаймыз. Әрі беріден соң Израиль премьер-лигасы да ойыншық емес. Оның үстіне Беэр-Шева қаласының командасы қазір үштікте келеді. Шетелдік скауттарға Қазақстаннан көрі сол таяу шығыстағы ел бағалырақ па дейміз. Сол үшін Артурға қазір барын салу керек. Шабуылшының бұдан басқа мүмкіндігі болады ма болмайды ма кім білсін... 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×