Артур Режиналдо «Ақжайық» ойыншысы атанды

23.08.2021, 21:21
Футболшы бұған дейін Солтүстік Македонияда доп тепті.
Артур Режиналдо «Ақжайық» ойыншысы атанды

Оралдық "Ақжайық" Мозамбик құрамасының шабуылшысы Артур Режиналдомен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

31 жастағы шабуылшының "Ақжайықпен" жасасқан келісім-шарты маусым соңына дейін жарамды және жаңа командасында 11-нөмірмен ойнайтын болады.

Еске салайық, Режиналдо Қазақстанда екі команданың намысын қорғады. 2019 жылғы маусымда ол "Шахтер" сапында 17 матч өткізіп, 3 гол соқты, ал өткен жылы "Қайсарда" дәл осындай көрсеткішке ие болды - 17 матч және 2 гол. Ол соңғы мәрте Солтүстік Македонияда ойнайтын "Шкупи" клубында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×