Артур Шушеначев Израиль чемпионатының қола жүлдегері атанды

22.05.2024, 13:28

“Хапоэль” Бэер-Шева өз алаңында “Маккаби” Хайфа клубынан 1:4 есебімен жеңілді.

Артур Шушеначев Израиль чемпионатының қола жүлдегері атанды

Израиль чемпионаты, 35-тур

“Хапоэль” 1:4 “Маккаби”

Голдар: Элдер Лопеш 39’ (пенальти) – Маор Кандил 9’, Францди Пьерро 28’, Эйтан Тиби 42’ (автогол), Дин Дэвид 54’

“Хапоэль” шабуылшысы Артур Шушеначев матчқа қатысатын ойыншылар тізімінде болмады. Ол жарақатына байланысты бұл кездесуді өткізіп алды. “Хапоэль” өз жеңілісіне қарамастан, чемпионат аяқталуға бір тур қалғанда қола жүлдегер атанды. 

Шушеначев Израиль Суперлигасының осы маусымында 11 ойын өткізіп, 2 гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×