Артур Шушеначев “Хапоэль” Беэр-Шева ұжымындағы дебюттық кездесуін өткізді

12.02.2024, 11:03
Артур Шушеначев “Хапоэль” Беэр-Шева ұжымындағы дебюттық кездесуін өткізді

 

“Хапоэль” Беэр-Шева клубы ішкі біріншіліктің 21-тур ойынында “Маккаби” Нетания ұжымын 2:0 есебімен тізе бүктірді, деп жазады Аладоп.кз.

“Хапоэль” 2:0 “Маккаби”

Голдар: Ротем Хатуэль 8, Рой Гордана 77

Қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев аталмыш матчтың екінші таймында алаңға шықты. 86 минутта отандасымыз қарсыласына қарсы ереже бұзғаны үшін сары қағазбен жазаланды. SofaScore қосымшасы оның өнерін 6,6 баллмен бағалады.

Келесі кездесуін “Хапоэль” Суперлиганың 22-туры аясында “Маккаби” Петах-Тикваға қарсы өткізеді. Матч 17 ақпанға жоспарланған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×