Артур Шушеначев Ресейде доп тебетін болды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
13.09.2024, 13:07

Қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев Ресейдің «Сочиіне» жалға ауысты.

Артур Шушеначев Ресейде доп тебетін болды
Артур Шушеначев

Айта кетейік, футболшы Израильдің «Хапоэль Беэр-Шевасына» тиесілі. Енді ол осы маусымда Ресейдің ұлттық футбол лигасында бағын сынамақ.

Сондай-ақ, Артур Шушеначевтың «Сочиден» бұрын кипрдің «Анортосисына» ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Алайда, қос тарап бұл трансфер турасында ортақ мәмілеге келе алмаған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық шабуылшы «Хапоэль Беэр-Шеваға» «Қайраттан» осы жылдың ақпанында ауысып барды. Содан бері израильдік команданың сапында барлық турнирлердегі 20 ойынға қатысып, 2 доп соқты. Жаңа маусымдағы Конференция Лигасының іріктеуі аясындағы үш кездесуде Шушеначев жасыл алаңда небары 49 минут өнер көрсетті. Қазақстандық футболшының жаңа ұжымы Ресейдің бірінші лигасында 9 турдан кейін 14 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.        

Зкт Бесінші халықаралық көшпенділер ойыны жалғасуда. Кеше Елордадағы этноауылда жамбы атудан соңғы жарыс күні өтті. Жамбы стилінен Батыр Бексауыт күміс жүлдеге ие болды. Бұл спорт түрінен Қазақстан спортшылары жалпы екі алтын, екі күміс, екі қола иеленіп, командалық есепте бірінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×