Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев «Сочи» клубының сапында өзінің алғашқы добын соқты.
Отандасымыз Ресей Кубогінің 1/16 финалдық кезеңінің аясындағы «Волгаға» қарсы өткен кездесуде мергендігімен танылған болатын (33-минут). Ал кездесудің өзіне келер болсақ матч 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. «Сочидің» екінші голын Руслан Барт соқты.
Естеріңізде болса, Артур Шушеначев ресейлік клубқа израильдің «Хапоэль» Беэр-Шевасынан жалға ауысқан. Осыған дейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Сочи» сапында үш матчта өнер көрсеткен еді.
Біздің серіктес: FONBET