“Трансинвест” командасы биылғы маусымның қорытындысы бойынша Литваның Премьер-лигасына жолдама алды.
35 жастағы Артурас “Трансинвесттің” осы маусымдағы 28 кездесуіне қатысып, Галине ауылы командасының үздіктер қатарынан табылуына үлкен үлес қосты. Ол чемпион атанған клубта 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Еске салайық, Жулпа әр жылдары қазақстандық “Тобыл”, “Жетісу” және “Ақтөбенің” құрамдарында доп тепті. Үш команданы қосқанда, Артурас 224 матч өткізіп, 9 гол мен 7 голдық пас берді.
35 жастағы жартылай қорғаушы 2013 жылы Литва құрамасында дебют жасап, баскетболшылар жейдесінде 39 рет алаңға шықты.