Артуро Видаль "Барселонадан" 2,4 млн. еуро өтемақы өндіріп алмақ

29.12.2019, 19:04
Артуро Видаль "Барселонадан" 2,4 млн. еуро өтемақы өндіріп алмақ

Жуырда ғана 32 жастағы футболшы Каталония командасы сапында 60-ойынын өткізді. Енді Артуро Видаль"Барселона" басшылығын 2,4 млн. еуро сыйақы төлемеді деп сотқа шағым түсірді деп хабарлайды ABC басылымы.

Сөйтсек, футболшының келісім-шартында егер ол "Барселона" үшін 60 ойын өткізсе жоғарыда аталған сыйақы беріледі деген тармақ бар екен.
Ал "блауграна" басшылары аталған тармақ орындалуы үшін ойыншы әр ойында кемі 45 минут алаңда өнер көрсетуі керек. Ал Видаль көп жағдайда матчқа екінші тайм ортасында я болмаса соңында тыңнан қосылатын.

Айта кетейік, чилилік футболшы клуб ауыстырғысы келетінін ашық айтқан еді. Сонымен қатар, Миланның "Интерімен" жеке келісім-шартқа келгені туралы ақпарат тараған-ды.
Видаль биылғы маусымда "Барселона" сапында 19 ойын өткізіп, 5 гол салған және 1 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×