“Артық салмақпен алысатын” – Қазақстандық қақпашы Ғалымжан Кенжебек жайлы

08.01.2026, 21:34

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев шабуылшы Ғалымжан Кенжебектің Pесейлік "Ахматқа" ауысуына қатысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Артық салмақпен алысатын” – Қазақстандық қақпашы Ғалымжан Кенжебек жайлы

Маман жас ойыншының әлеуеті бұдан да жоғары екеніне сенімді.

"Ресей чемпионаты — соңғы аялдама емес"

Бекбаевтың пайымдауынша, қазіргі таңда Еурокубоктардан шеттетілген Ресей Премьер лигасы бұрынғы деңгейінен төмендеп кеткен. Сондықтан ол Кенжебектің болашақта бұдан да мықты чемпионаттарда бағын сынағанын қалайды.

"Ғалымжанның бұдан да биікке көтерілгенін қалаймын. Ресей чемпионаты қазір құлдырау кезеңінде. Оны Испания немесе Италия чемпионатының ортанқол клубынан көрсек, нұр үстіне нұр болар еді. Неге бармасқа? Ол жас, жылдам әрі болашағы зор футболшы. Кенжебектің деңгейі "Ахматтан" да жоғары клубтарда ойнауға жетеді." — деді Бекбаев.

"Мақтааралда” басталған өзгеріс

Алмат Бекбаев Ғалымжанмен бірге "Мақтаарал” сапында өнер көрсеткен кезін еске алып, футболшының қалай өзгергенін айтып берді.

"Онымен бірге ойнағанымда, Ғалымжанның артық салмақпен алысып жүргені есімде. Бүгінде Кенжебек өзін толықтай өзгерткен. Ол психологиялық тұрғыдан ширығып, футболға деген көзқарасын түбегейлі жаңартқан. Соның арқасында ойыны айтарлықтай өскен.” – дейді қақпашы Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×