Ару фанат - Анастасия!

28.04.2012, 01:40
Ару фанат - Анастасия!

«fanzone-kz.ucoz.ru» сайты қызықты бәйгенің қортындысын шығарды. Футболды сүйіп көретін аруларды жарыстырған олар астаналық Анастасия Вишневскаяны жеңімпаз атына лайық деп таныған. Ел премьер-лигасындағы  клубтардың біріне шынайы жанкүйерлік танытқан нәзік жыныстылар арасында Настяның суреттері мен эссесі басқаларын басып озған көрінеді. «Вишня» деген лақап аты бар ару Астаналық «Локомотивтің» берілген фанаты.  «Футбол ойнап, үлкен ойынға жанкүйерлік таныту тек қана ерлердің ісі емес», -дейді ол. Футбол көру жыныс таңдамайды деген тоқтамға жанкүйерлер баяғыда-ақ келіп қойған.  Отандық аяқдоптың жағдайы жақсы болмаса да, оған жанкүйер арулардың қарасы жыл сайын көбейіп келетіні қуантады. Тағы бір жүлделі орынды «Ақтөбе» үшін жаны күйетін  Әсел есімді бойжеткен еншіледі.

Руслан НҰРЫМ.

маса.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×