“Арыс” жаңа белестерді бағындырмақ – Клуб алдына өршіл мақсат қойылды

Бүгін, 17:05

Шымкент қаласындағы БИИК стадионында "Жайық" пен "Арыс" командалары арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Арыс” жаңа белестерді бағындырмақ – Клуб алдына өршіл мақсат қойылды

Тартысты өткен матч 0:0 есебімен, тең аяқталды. Есеп ашылмаса да, ойын барысында "Арыс” футболшылары басымдық танытып, ширақ қимылдады.

Естеріңізге сала кетейік, "Арыс” футбол клубы үлкен өзгерістерді бастан өткеруде. Белгілі влогер Арман Пирманов ұжымды өз қамқорлығына алып, клубты жабылып қалу қаупінен аман алып қалған болатын. Бұл қадам арыстық жанкүйерлер үшін нағыз үміт отын жақты.

Клубтың жаңа қожайыны Арман Пирманов команданың болашағына қатысты жоспарларымен бөлісті. Басты меже – Бірінші лигада топ жару.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×