Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Атырау» футбол клубы македониялық «Горизонт Турнова» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Матч тағдырын «мұнайшылардың» жаңа ойыншысы Владимир Аржанов соққан қос гол шешіп кетті. Алғашқы таймда екі доп айырмашылығымен алға шыққан «Атырау» футболшылары қолда тұрған жеңістен айырылған жоқ. Македониялықтар үзілістен кейін есеп айырмасын қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді. Қорытынды есеп – 2:1, Владимир Никитенко шәкірттерінің пайдасына.