29 жастағы жартылай қорғаушы Шымкентте жаттығып жатқан «Қайсардың» құрамынан кетіп қалды, ол қазір Нұр-Сұлтан қаласында жүр.
Қазіргі уақытта футболшы клубпен келісімшарттың егжей-тегжейін келісуде. Келісімшарттың мерзімі бір жарым жыл болуы мүмкін.
Айта кетейік, Тағыберген «Астана» сапында 2016-2017 жылдары ойнаған, онда 35 матч өткізіп, 4 гол соққан. Елордалық клуб құрамында Асхат екі рет Қазақстан чемпионы және бір рет ел кубогінің иегері атанды.
Сондай-ақ Асхат «Ақтөбе» мен «Тобыл» клубтарында да өнер көрсеткен. Ол «Қайсар» сапында 2008–2012 жылдары ойнаған және 2018 жылдан бері ойнап келеді. Премьер-лигада барлығы 248 матч өткізіп, 19 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET