Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген "Қайсардан" кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
30 жастағы футболшы қызылордалық клубпен қоштасып үлгерді. Жақын арада Тагыберген жаңа клубтың ойыншысы ретінде таныстырылатын болады. Жартылай қорғаушы "Астанамен" белсенді келіссөздер жүргізіп жатқан болатын.
ҚПЛ-дің соңғы маусымында футболшы "Қайсар" сапында 14 матч өткізіп, төрт гол соқты, екі нәтижелі пас берді. Тағыберген бұған дейін "Астана" сапында 2015-2017 жылдар аралығында ойнаған. Ол 35 матчта төрт гол соғып, екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогін жеңіп алды. Сондай-ақ ол "Ақтөбе" мен "Тобыл" сапында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET