Асхат Тағыберген: «Біз алға жылжып, ертеңгі ойынға дайындалуымыз керек»

05.08.2021, 04:10
Асхат өткен матчта командасына жеңіс сыйлаған еді.
Асхат Тағыберген: «Біз алға жылжып, ертеңгі ойынға дайындалуымыз керек»

"Тобылдың" жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Жилинаға" қарсы өтетін матч туралы өз ойымен бөлісті:

- Ертеңгі матч көп нәрсені шешуі керек. "Жилина" - өте жас команда. Еурокубок бәсекесінде оңай қарсылас болмайды. Ең өкінішті және ең қайғылы нәрсе - біз бос стадионда ойнаймыз. "Хайдукты" біздің жанкүйерлердің үлкен еңбегінің арқасында жеңдік. Сіз олардың бізді қалай алға сүйрегенін өзіңіз де көрген шығарсыз. Біз бұл қолдауды сағынамыз.

Мен "Хайдук" қақпасына соққан голымды бірнеше рет қарадым. Ермұхамед Мәуленге ерекше алғыс айтамын. Себебі, ол бізге бар жан-тәнімен жанкүйерлік етті. Қыркүйек айында өтетін ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынында мен оған тағы да алғыс айтатын боламын. Бірақ мұның бәрі қазірдің өзінде тарихқа айналды, біз алға жылжып, ертеңгі ойынға дайындалуымыз керек. Бұл менің мансабымдағы ең жақсы гол ма? Үздік голдардың бірі. Ең жақсысы былтыр, "Тобылға" соққан голым болған шығар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×