АСХАТ ТАҒЫБЕРГЕН: "ЕУРОПА АЛАҢЫНДА ГОЛ САЛҒАНЫМА ҚУАНАМ"
05.07.2013, 21:26
— Асхат, сені бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Оның үстіне Еуропа алаңдарында салған алғашқы голыңыз. Доп қақпа бағанасына кіргенде қандай әсерде болдыңыз?-Мен ол сәтте өзімді өте бақытты сезіндім. Өйткені Еуропа Лигасында салған алғашқы голым.Сіздің салған голыңыз өте керемет шыққан. Алыстан тебу бас бапкердің айтуы бойынша орын алды ма әлде өзіңіз теуіп көргіңіз келді ме?Мен бұрыннан бері алыстан тебуді ұнататынмын. Және оны бас бапкерім білетін. 1-ші таймнан кейін бас бапкер маған егер де мүмкіндік болса, алыстан теуіп көр деді. Сырт алаңда 2-1 есебімен жеңу жақсы көрсеткіш. Бірақ «Ақтөбеге» бұдан көп гол салуына болар еді. Командаға не жетіспеді деп ойлайсыз?Арменияның ауа-райы басқа екен. Таулы аймақ болғандықтан бізге дем алудың өзі қиынға соқты. Осы тұрғыда жігіттер біраз қиналды.Ойынның соңғы минуттарында міндетті түрде гол жіберу керек пе еді?Әрине, егер де қорытынды есеп 2-0 есебімен аяқталғанда жақсы болар еді. Соңғы минуттарда гол жіберіп алғаннан кейін командадағы жігіттердің барлығының көңілдері түсіп кетті.«Ақтөбе» командасы үшін Еревандағы ойын қаншалықты қиын болды?Біз өзіміздің футболды ойнадық. Тек бір ғана мәселе, қала таулы аймақта орналасқандықтан бізге тыныс алуымызға қиын болды. Осы себепке байланысты қиыншылықтар туды.«Гандзасар» командасы қаншалықты таң қалдыра алды?Армяндар біршама жылдам футбол ойнайды екен. Олар қарымта шабуылдарды сәтті жасап жатты. Бірақ көп жағдайда біз өз орнымыздан табыла білдік.Қарсылас команданың қай ойыншысы сізге ерекше болып көрінді?Артак Григорянды ерекше айтқым келеді. «Ақтөбе» командасына қолдау көрсетуге келген жанкүйерлердің қолдауын естідіңіз бе?Әрине естідік, сезіндік. Олар «Қазақстан!», «Ақтөбе!»-деп ойынның соңына дейін қолдау көрсетіп отырды. Біздің жанкүйерлер аздау болды, бірақ олардың әр дауысы бізге естіліп тұрды. Қарсылас команданың да жанкүйерлері аз болды. Өйткені «Гандзасар» Еревандағы алаңда ойнады. Армения сізге қай жерімен есте қалды?Ереван жақсы қала екен. Сырт көзге таза болып көрінді. Алайда қаланы аралайтындай біздің уақытымыз болған жоқ.