Италиялық "Интер" мен франциялық "Пари-Сен-Жермен" 22 жастағы марокколық қорғаушы Ашраф Хакимидің трансфері туралы бір мәмілеге келді, деп жазды журналист Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында.
Дереккөздің хабарлауынша, ПСЖ ойыншы үшін 60 миллион еуро төлейді, одан бөлек бонус ретінде 10 миллион еуро береді. Футболшы 2026 жылға дейін есептелген келісім-шартқа қол қояды. Медициналық тексерістер мен трансфер туралы ресми хабарлама келесі аптаға жоспарланған.
Марокко құрамасының қорғаушысына лондондық "Челси" де қызығушылық танытқанымен, ресми ұсыныс жасаған жоқ.
Сондай-ақ жақын арада Италия құрамасының 22 жастағы қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма ПСЖ ойыншысы ретінде таныстырылатын болады.
Біздің серіктес: FONBET