Асқар Қожабергенов: Кардиффтегі ойында ұпай еншілеп қалу үшін команда барын салып ойнауы тиіс

20.03.2025, 20:45

Қазақстандық танымал футбол маманы Асқар Қожабергенов ұлттық команданың алдағы екі кездесудегі мақсаты жайлы пікірін айтты.

Асқар Қожабергенов: Кардиффтегі ойында ұпай еншілеп қалу үшін команда барын салып ойнауы тиіс
Ислам Чесноков

Sports.kz-ке берген сұқбатында ардагер Уэльстен де ұпай алу керектігін тілге тиек етті. 

«Біз Лихтенштейн құрамасымен болатын ойында 3 ұпай алуға толықтай құқылымыз. Бірақ бұл деген бүкіл күшті тек екінші ойынға салып, Уэльстегі кездесуге бей-жай қарауға болады деген сөз емес. Онда да ешкім аянып қалмауы тиіс және жақсы нәтижеге жету үшін құрама барлық күшін салуы керек. Қазір чемпионаттың басы сондықтан бәрінің де қайта қалыпқа келетін уақыты да, күші де бар. Меніңше, Кардиффтегі ойында ұпай еншілеп қалу үшін команда барын салып ойнауы тиіс», - деді А. Қожабергенов. 

Қазақстандық футболшылар наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Уэльске қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.

Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×