Аладоп.кз танымал маман Асқар Қожабергеновпен хабарласып, «Қайраттың» ЧЛ 3-іріктеу кезеңіндегі қарсыласы «Слован» жайлы ойын білген болатын.
Отандық бапкер екі команданың мүмкіндіктерін бағамдап, пікірімен бөлісті.
«Бірінші бәсеке өзіміздің алаңымызда болған соң командаға үлкен үміт артылады және «Слованнан» өту үшін өз алаңымызда міндетті түрде жеңіске жетуіміз керек. «Қайрат» биылғы Еурокубокте Алматыдағы екі матчты да жоғары деңгейде өткізді. Өз қақпасын аман сақтап, қажетті голдарын салып отырды. «Слован» сөзісіз мықты команда, бірақ меніңше «Спарта» Прагадан асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Ақтөбе сол өзінің алаңында прагалық клубты ұтып кеткен еді ғой. Сондықтан, бүгін «Қайрат» ұтады деп үміттенеміз. Жігіттерге сенеміз!», - деді белгілі маман.
«Қайрат» - «Слован» кездесуі 20:00-де басталады. Қарымта кездесу 12-тамызда Слвакия жерінде өтеді.