Асқар Қожабергенов жастар құрамасының Андоррадан ұтылғаны туралы: осындай осал құрамадан ұтылсақ, біз сонда қайда барамыз?

10.10.2025, 16:26

Отандық маман Асқар Қожабергенов "Аладоп.кз" сайтына сұқбат беріп, Андорраға жол берген жастар құрамасы мен оның бас бапкері Денис Мамонов туралы пікірін айтты. 

Асқар Қожабергенов жастар құрамасының Андоррадан ұтылғаны туралы: осындай осал құрамадан ұтылсақ, біз сонда қайда барамыз?
Андорра - Қазақстан жастар құрамасының кездесуі

Айта кетейік, U21 Қазақстан жастар командасы сырт алаңда Андоррадан 0:1-мен ұтылып қалған болатын. Бұл Еуро-2027 іріктеуінің аясындағы ойын болатын.

«Андоррадан 0:1 ұтылғанымыз ештеңе емес, қарсыласта бір голдан асырып салатын қаншама мүмкіндік болды?! Ойынды көрдім, есеп тіпті 3:0, 4:0 болатын еді... Осындай осал құрамадан ұтылсақ, біз сонда қайда барамыз? Мына жігіттер ертең негізгі командаға баратын үміткерлер емес пе? Мүлде ақылға сыймайды. Егер біздің жастар құрамасы Андоррадан ұтылса, жарайды кездейсоқ жеңілсе, түсінуге болатын шығар. Ал дәл осылайша жол беру деген... Айтып тұрмын ғой Андорраның 3-4 гол салатын мүмкіндігі болған», - деді А. Қожабергенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×