Асхат Балтабеков туған клубына оралды

Бүгін, 10:45

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Асхат Балтабеков елордалық "Жеңіс" сапынан кетеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Асхат Балтабеков туған клубына оралды

Дереккөздердің мәліметінше ол мансабын қайтадан Талдықорғанның "Жетісу" клубында жалғастыратын болды.

32 жастағы футболшы үшін "Жетісу" жат ұжым емес. Ол – Талдықорған футбол мектебінің түлегі және кәсіби жолын осы клубтың қосалқы құрамында бастаған. Балтабеков мансабының басым бөлігін туған клубының намысын қорғауға арнады.

Асхат футболдағы жолында бірнеше отандық ұжымда бағын сынап үлгерді. Алматының "ЦСКА", Шымкенттік "Қыран" және Астананың "Жеңіс” командаларында доп тепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×