Асхат Рахымжанов: “Қайрат” – “Реал” матчының билеті 10 мыңнан аспасын, балалар тегін кірсін!“

13.09.2025, 19:30

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жетекшісі Асхат Рахымжанов "Қайрат" – "Реал" арасындағы кездесудің билеттері барлығына қолжетімді болуы тиіс деп есептейді.

Асхат Рахымжанов: “Қайрат” – “Реал” матчының билеті 10 мыңнан аспасын, балалар тегін кірсін!“

Саясаткер билеттің бағасын шектеп, қымбаттап кетуіне жол бермеуді ұсынды:

“Делдал мәселесі бар, өзім де талай рет соған тап болдым. Бұл біздің ұлттық, спорттық намысымызға қатысты оқиға. Мұнда моральдық қағида алдыңғы орынға шығуы тиіс.” – деді ол.

Рахымжановтың пікірінше, билеттерді әділ тарату үшін мемлекеттік органдар араласуы қажет:

"Бір адамға бір билеттен ғана сататын ереже енгізу керек шығар. Құқық қорғау органдары мен әкімдікті де қосу қажет болуы мүмкін. Өйткені бұл Қазақстан футболы тарихындағы маңызды матч.” – деп атап өтті ол.

Ол билет құнын 10 мың теңгеден асырмауды, ал балаларға мүлдем тегін кіруді ұсынды:

"Шығынды жабу үшін символикалық баға қоюға болады. Бірақ 10 мыңнан аспауы керек, ал идеал баға – 5 мың теңге. Балаларды тегін кіргізу керек, олар ең үлкен жанкүйерлер.” – деді саясаткер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×