Асхат Тағыберген екі ойынға шеттетілді

24.09.2025, 22:15

Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті "Тобылдың" капитаны Асхат Тағыбергенге қатысты шешім шығарды.

Асхат Тағыберген екі ойынға шеттетілді

23 қыркүйек күні өткен отырыста футболшыға Қазақстан Премьер лигасының 20-турында "Астанаға" қарсы өткен ойында ереже бұзғаны үшін екі матчқа дисквалификация беру туралы шешім қабылданды. ҚФФ бұл әрекетті "допқа ойнау мүмкіндігі болғанымен, қауіпті және өрескел ережені бұзған” деп бағалады.

Шектеу 20 қыркүйектен бастап күшіне енді. Демек, Тағыберген алдағы екі турда алаңға шыға алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×