Асхат Тағыберген «Қайратқа» қарсы Суперкубок матчы туралы: Бұл матч кімнің мықты екенін көрсетеді

Бүгін, 12:04

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген «Қайратқа» қарсы өтетін Суперкубоктік кездесу жайыл пікірін айтып, қостанайлықтардың дайындығы туралы ойымен бөлісті.

Асхат Тағыберген «Қайратқа» қарсы Суперкубок матчы туралы: Бұл матч кімнің мықты екенін көрсетеді
Асхат Тағыберген

ҚПЛ чемпионы алматылық «Қайрат» пен ҚР Кубогының иегері «Тобыл» Суперкубокты сарапқа салады. Маусымашар матч 28 ақпанда Астанада болады.

«Денсаулығым жақсы. 28 ақпанда «Қайратқа» қарсы өтетін Суперкубокқа дайынбыз. Бәрін ойын көрсетеді. Біз міндетті түрде жүлдені алуымыз керек деген қағида жоқ. Бұл – футбол, бұл – 90 минут. Иә, «Қайрат» чемпион атанды, ал біз Кубокты алдық. Бұл матч кімнің мықты екенін көрсетеді.

Былтыр да бізді чемпиондыққа таласатын фавориттер қатарына қосқан жоқ. Біз өз бағытымызбен жүріп, еңбектене береміз. Басқа командаларды немесе өзімізді фаворит ретінде бөліп-жарып айтқым келмейді. Бәрін маусым барысында көреміз.

Жаңа ойыншыларымызға келсек, әрине, оларға мен баға бермеуім керек. Бейімделу жағынан оларда ешқандай мәселе жоқ – футболдың тілі біреу. Олар біздің ұжымда өздерін жақсы сезініп жүр. Алдағы уақытта да олардың үйренісіп кетуіне көмектесеміз», – деді  А. Тағыберген ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

 

«Тобыл» мен «Қайрат» ел Суперкубогін 3 мәрте ұтқан. Бұл көрсеткіш бойынша рекордсмен – «Астана». Елордалық команда трофейді 6 рет еншілеген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×