
Асхат Тағыберген
Қазақстан құрамасы мен «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген мансабын қашан аяқтауды жоспарлап отырғаны жайлы айтты.
«Футболшының мансабы өзіне байланысты. Мысалы, Самат Смақов 40 жасқа дейін ойнады, Криштиану Роналду өзінің 40 жасында футбол әлемінде ең үздіктердің бірі және ол футболдағы қайталанбас тұлға. Мен өзім 37-38 жасқа дейін ойнағым келеді», - деді футболшы.
Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Түркия жеріндегі оқу жаттығу жиындарында өткен жолдастық ойында Кюрасао құрамасының қақпасын әдемі гол салып, мергендік танытты. Жалпы, Қазақстан жейдесінде 59 матчта бақ сына, 2 голдың авторы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 750 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET